Мәзір

СҚО әкімдігі жерге төгілген сүт туралы видеоға пікір білдірді

04.07.2023
СҚО әкімдігі жерге төгілген сүт туралы видеоға пікір білдірді

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды World of NAN. Бұл видеоның авторы аймақта сүт ешкімге керек емес екенін айтып, цистернадағы сүтті далаға төккен.

Әлеуметтік желіде пікірталас тудырған видео кадрларын кеше таңертең жергілікті пабликтер таратты. Автордың түсіндіруінше, Тайыншы ауданында ешкім сүтті қабылдамайды, сүт ешкімге қажет емес. Ол сүт «талдаудан өтпей қалғанын» айтып, цистернадағы сүтті бірден далаға төгеді.

Облыстың ауыл шаруашылық басқармасы жағдайға пікір білдіріп, видеоның түсірілген күні көрсетілмегеніне тоқталып өтті.

«Әңгіме сүт өңдеу кәсіпорнына жеткізілген кезде сапалық талдаудан өтпей қалған сүт туралы болып отырған сыңайлы. Бұл тұрғындар шаруашылығынан таңғы және кешкі сауудан алынған сүтті араластыруға, сапасыз сүзгіден өткізуге, сүтті сапасыз қабылдауға байланысты болуы мүмкін. Қышқылдығы жоғары сүт, 16-18% мөлшері, қышқыл болып саналады және сатуға рұқсат етілмейді. Сүтті сатып алу кезінде ауылшаруашылық өндірістік кооперативі температураны, қышқылдықты және майлылықты қоса алғанда, сапа сынақтарын жүргізеді. Қайта өңдеушілер кооперативтерден сүт қабылдау кезінде де дәл осындай процедураларды жүргізеді», - деп хабарлады басқарма.

Өткен аптаның соңында облыста екінші мәрте халықаралық сүт форумы өткен болатын. Облыс тауарлы-сүт фермаларын салудан көш бастап тұр. Бір апта бұрын аймақ басшысы Айдарбек Сапаров солтүстікқазақстандықтар сүт өндіруді 4,4 пайызға арттырғанын атап өтті. Облыста жыл сайын сүттің республикалық көлемінің 10 пайызы немесе 650 мың тонна өндіріледі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии