Мәзір

СҚО дайын сүт өнімдері өндірісін жылына 215 мың тоннаға жеткізбек

29.03.2024
СҚО дайын сүт өнімдері өндірісін жылына 215 мың тоннаға жеткізбек

Премьер-Министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына барып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық өндірісті одан әрі ұлғайту әлеуетімен танысты. Бұл жөніне World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Үкімет басшысы «Қызылжар Сүт» ЖШС заманауи сүт кешенінде «ақылды ферма» жұмысының технологиялық процесін қарап шықты. Кәсіпорында малға жем-шөп беру мен күтім жасаудан бастап сүт алу және өңдеуге дейінгі барлық процесс толығымен автоматтандырылған. Үш жыл ішінде мал басы 2 еседен астам өсті (2020 жылы 720 сиырдан 2023 жылы 1502 басқа дейін). Өткен жылдың қорытындысы бойынша сүт кешені 6 мың тоннадан астам сүт өндірді. Премьер-министр «Масло-Дел Петропавловск» ЖШС жұмысымен де танысты. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді. Өткен жылы 104,8 мың тонна дайын сүт өнімі немесе еліміздегі жалпы көлемнің 11,5%-ын өндірген.

СҚО-да барлығы 18 сүт фермасының құрылысы жалғасып жатыр, оларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен 17 млрд теңге бөлінген. Фермаларды іске қосу өңірде сүт өндіру көлемін жылына 690 мың тоннаға дейін, ал дайын сүт өнімдерін өндіру көлемін 215 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Алдын ала деректер бойынша бұл республикадағы барлық көлемнің 25%-ын құрайды.

«Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешумен мықтап айналысу қажет. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында АӨК өнімінің үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, терең өңдеуді дамыту қажеттігін атап өтті. Табысты отандық бизнес – бұл, ең алдымен, сөрелердегі қазақстандық өнімдер және жұмыс орындары. Бүгінде ішкі нарықта импортталған сүт өнімдері бар. Алайда біздің зауыттар қажетті нәрсенің бәрін өздері өндіре алады, бұл үшін мүмкіндіктер бар», — деді Олжас Бектенов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии