Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры фермерлер шығындарының бір бөлігін мемлекет субсидиялайтын сақтандыру өнімдерінің тізбесін кеңейтті, деп хабарлайды World of NAN 24.kz-ке сілтеме жасап
«Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мал шаруашылығын сақтандыру бойынша операторлық қызметтерді көрсетуді жалғастыруда. Биылғы жылдан бастап ұсақ қара малды, жылқы мен құсты сақтандыруға мүмкіндік пайда болды. Осылайша сақтандыру Солтүстік Қазақстан облысындағы «Якорь құс фабрикасында» рәсімделді.
«Бұл өнеркәсіптік мал шаруашылығындағы биоактивтерді субсидияланған сақтандыру бизнес үшін үлкен артықшылық болып табылады. Форс-мажорлық жағдайда сақтандыру кәсіпкер үшін серіктестермен, жеткізушілермен және кредиторлармен болашақ қарым-қатынастарда екінші мүмкіндік бере алады», - деп түсіндірді құс фабрикасы директорының орынбасары Ізет Шаяхмет.
Сондай-ақ, жануарларды өлімнен, өрттен, жазатайым оқиғалардан, табиғи апаттардан және ұрлықтардан сақтандыруға болады. Осы құс фабрикасынан басқа, тағы бес өндіріс өз жануарларын сақтандырды: екеуі – Қарағанды облысында, біреуі Ақмола, Алматы және Қостанай облыстарында. Шамамен есептеулер бойынша бұл екі миллионнан астам құс.
«Сақтандыру онлайн жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда сервис Qoldau.kz платформасында орналасқан. Жануарлардың иесіне ЭЦҚ ие болуы қажет, сонымен кіреді, оның барлық деректері жүктеледі. Жануарлар туралы ақпарат көрсетіледі. Онлайн-шартқа қол қою жүзеге асырылуда», - деп сақтандыру процесі туралы АШ ҚҚҚ сақтандыру департаментінің директоры Әсел Рамазанова айтып берді.
Төлемге келетін болсақ, фермер сақтандыру шығындарының жартысын ғана көтереді. Сақтандыру сыйлықақысының қалған 50% оператор – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры төлейді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение