Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты су ресурстары қызметінің директоры Алмазбек Сокеев баспасөз мәслихатында су мәселесі бойынша Қазақстан тарапынан Қырғызстанға ешқандай наразылық жоқ екенін айтты. Бұл туралы World of NAN порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ведомство басшысы қазақстандық әріптестерімен телефон арқылы сөйлескенін жеткізді, айтуынша, олар шағым жоқ екеніне сендірген.
17-19 шілдеде Қазақстан тарапының өтініші бойынша Киров су қоймасынан су бөлу және су беруді 45 м3/сек дейін ұлғайту мәселелері бойынша Қырғызстан және Қазақстан өкілдерінің кездесуі өткен. Қазақстандық әріптестердің келісімімен екі тараптың қол қойылған хаттамасына сәйкес 2023 жылдың 4 тамызына дейін су берілген.
Лимиттің аяқталуына байланысты, осы жылдың 5 тамызынан бастап ҚР-ға су беру тоқтатылды. Сондай-ақ, Киров су қоймасына ағын ұлғайған жағдайда Қырғызстан Қазақстанға су беру мәселесін қарайтыны хабарланды.
Су Қырғызстан мен ҚР арасында қол қойылған су бөлу кестесі мен хаттамасына сәйкес берілген. Алмазбек Сокеев қырғыз тарапы Қазақстан алдындағы бүкіл міндеттемелерін орындағанын атап өтті.
Ведомствоның мәліметінше, Киров су қоймасының жобалық көлемі – 550 млн текше метр. 2023 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша Киров су қоймасының көлемі – 14,5 млн текше метр, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 92,1 млн-ға кем.
Су ресурстары қызметінің басшысы қырғыз-қазақ шекарасында жүк көліктерінің көп жиналуын Қырғызстанның суды тоқтатуымен байланыстырмайды. Дегенмен қоғамда бұл оқиғаның себебі ретінде екі мемлекеттің арасындағы су дауын көрсететін пікірлер көп.
22 тамыздан бастап қырғызстандық жүк көліктері шекара бекетінен Қазақстанға өте алмай тұрғаны жайлы ақпарат тарады. Қазақстан қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "есірткілерді тексеру бойынша операция аясында шекара қызметі мен ҰҚК қатаң тексеріс жүргізіп жатқанын" мәлімдеді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение