Мәзір

Су министрлігі 14 мың км су жүйесін реконструкцияламақ

19.12.2023
Су министрлігі 14 мың км су жүйесін реконструкцияламақ

ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі. Бұл туралы World of NAN порталы ведомствоға сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Кешенді жоспарды іске асыру аясында ел аумағында жаңадан 20 су қоймасын салу, қолданыстағы 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам суару жүйесін реконструкциялау жоспарланып отыр.

Құжатта қарастырылған осы және өзге де іс-шаралардың нәтижесінде министрлік тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, еліміздегі су қорын арттырып, суармалы жерлердің ауданын ұлғайтуға және су шығынын азайтуға ниетті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии