Су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысындағы шаруа қожалықтары қажет көмекті ала алмай отыр. Тіпті аймақта қанша фермер зардап шеккені жөнінде нақты ақпарат жоқ. Бұл жөнінде World of NAN порталы Astana TV арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Тек Махамбет ауданы мен Атыраудың өзінде 140 шаруа қожалығы зардап шекті деген болжам бар. Осы мәселе «AMANAT» партиясында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелеріне арналған жиында талқыланды. Фермерлердің жалғыз талабы – келтірілген шығынды толық өтеу. Диқандар өткен күзде жерді өңдеп, көктемде егін еккен. Жыртылған жерге дән сеуіп үлгермей қалған фермерлер де бар. Ал мал шаруашылықтарына тиесілі қоралар әлі де су астында тұр. Бұлардың бәрі су тасқынынан зардап шекті.
«Біздің талаптарымыз нақты. Судың келетінін білген соң, егін екпеуді жөн көрдік. Бірақ біз оны былтыр дайындадық. Бірнеше гектар жер жырттық. Бұл шығынның орнын кім өтейді? Ат қораға қатысты да сұрақтар бар. Бұл сұрақтарға бізге нақты жауап берілген жоқ» - дейді фермер Бейбіт Өтебалиев.
Мәселе тез арада шешілмесе, мұның соңы аймақта азық-түлік тапшылығына әкелуі мүмкін.
Партияның экономикалық даму, кәсіпкерлік, агрөнеркәсіптік кешен жөніндегі кеңесінің төрағасы Жеңіс Әбілқарес комиссия құрып, проблеманы шешуге әрекет етіп жатқанын, жергілікті атқарушы органның бұған шамасы жетпесе, министрлік немесе үкіметке шығатынын айтты.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение