Үкімет отырысында Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қабылданды. Бұл жайлы World of NAN порталы министрлер кабинетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Үкімет басшысы елде суды үнемдеу жүйелерін енгізу қарқыны әлі де төмен екенін айтты. Тамшылатып суару әдісі жоспарланған 312 мың гектардың 84 мың гектарында ғана қолданылып жүр.
Сондықтан фермерлерді су үнемдейтін технологияларды қолдануға ынталандыру үшін суару жүйелерін құруға, сондай-ақ тамшылатып және жаңбырлатып суару техникасын сатып алуға кететін шығындарды субсидиялау үлесі 50 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылады.
Осының арқасында су үнемдейтін технологиялармен суармалы жер көлемі 1,3 миллион гектарға дейін ұлғайып, шамамен 2,1 текше шақырым су үнемделеді, ауыл шаруашылығы өнімі де айтарлықтай артады деп күтілуде.
«Технологиялар құны қымбат. Оған диқандардың көпшілігінің шамасы жетпейді. Сондықтан оларды өзімізде шығаруды қолға алу керек. Мұндай жобалар қазірдің өзінде талқылануда. Оларды іске асыруымыз қажет», — деді премьер-министр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение