Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығында субсидия алушыларға қарсы міндеттемелер енгізеді. World of NAN редакциясы бұл мәселеге қатысты «МДТШ» ЖШС директоры Фарид Әбітаевтан түсініктеме алды.
Естеріңізге сала кетейік, қарсы міндеттемелер өнім мен сапаны арттыру үшін субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер енді өнім көлемін ақшалай түрде ұлғайтуға және сақтауға міндетті екенін білдіреді.
«Егер бізде 100% суару болса, онда бұл пунктың өмір сүруге құқығы бар. Ал егер ауа райы факторларына тәуелді болсақ, онда бұл пункт бизнеске қарсы жұмыс істейді. Бізде үш жыл қатарынан құрғақшылық болатын кездер де кездеседі», - деді Фарид Әбітаев.
Шынында да, климаттың өзгеруі туралы бүкіл жерде айтылып келеді және жағдай одан сайын нашарлай түседі. Жақсы, жүйе экстремалды ауа райы жағдайларын да қамтитын шығар. Ал нарықтағы баға қысымы туралы не деуге болады? Біз алпауыт Ресеймен көрші тұрамыз, ал фермерлер кейде демпингтен зардап шегеді. Нарықтағы жағдай тұрақсыз болуы мүмкін.
«Неге бизнес бір нәрсені дәлелдеуі керек? Бірде-бір фермер өз кәсібіне және оның өнімділігіне қарсы жұмыс істемейді. Ешкім одан да жаман өмір сүргісі келмейді. Егін егіп, егін жинаудан басқа амалымыз жоқ. Бұл міндеттемелердің түпкі мақсаты не?» - деп, сұрақ қойды Әбітаев.
Шын мәнінде, мемлекеттің мақсаты қандай? Бәлкім бұл бюджетті жұмсаудың және біліктілігі жоқ фермерлерге ақша жоғалтпаудың тиімді жолы шығар? Әлде қалай? World of NAN редакциясы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сауал жолдап, түсініктеме алуға тырысады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение