Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл жөнінде World of NAN министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Өзгерістерге сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап субсидия алушылар агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімі (тауарлары немесе қызметтері) көлемінің ақшалай мәнде өсуін/сақталуын қамтамасыз етуді көздейтін қарсы міндеттемелер енгізіледі. Енді малының саны немесе ақшалай табысы ұлғаймаған фермерлер мемлекет қолдауына қол жеткізе алмайды.
Сонымен қатар жыл бойы қорада ұстау технологиясын қолданатын және азықтық базасы әлсіз Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары сияқты елдің құрғақшылық басым өңірлерінде орналасқан сүт-тауар фермаларының аналық басы үшін төтенше жағдай бойынша нормаларды алып тастауды енгізу көзделеді. Субсидиялау жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінген кезде жүзеге асырылатын болады.
Субсидиялау процестерін цифрландыру және оңтайландыру үшін тауар өндірушілерден талап етілетін қағаз құжаттар алынып тасталды.
Министрліктің хабарлауынша, өзгерістер бүгіннен бастап, яғни 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение