Егін шаруашылығымен айналысатын фермерлерден субсидия үшін талап етілген электронды карта екі жыл мерзімге шегерілді. Яғни екі жыл көлемінде цифрлық картасыз-ақ субсидия алуға болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды World of NAN.
Министрліктің айтуынша, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін субсидия алуға өтінім берген кезде егіс алқаптарының электрондық карталары талап етілмейді.
«2023 жылғы 14 қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына егістіктерді цифрландыруды 2026 жылға дейін қалдыру жөнінде өзгерістер енгізілді. Өзгерістер фермерлерге жер учаскелерін тәртіпке келтірулеріне, «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер мемлекеттік институты» РММ тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін цифрландыруды аяқтауға, ал «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-на дақылдарды тану спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді», - дейді ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение