Мәзір

Субсидия жымқырғандар жеті жылға дейін сотталды

16.06.2023
Субсидия жымқырғандар жеті жылға дейін сотталды

12 маусым күні Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты субсидияны жымқыру, жалған құжат жасау, пара алу істеріне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы World of NAN хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, оның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринариялық қызметтің, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларына және «Құт Береке» шаруа қожалығының басшысы мен өкілдеріне қатысты үкім шығарды.

Жоғарыда аталған азаматтар ветеринариялық рұқсат пен сертификаттар беріп, малды мемлекеттік шекара арқылы кедергісіз өткізіп, қызметтік қасақылық жасап, жалған құжаттар дайындап және оны пайдаланғаны үшін, жүйелі негізде пара алып, пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан басқа, шаруа қожалығының басшысы мен ветеринариялық қызмет қызметкері мемлекет мал шаруашылығын дамытуға субсидия бөлген кезде 104 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен кінәлі адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 1 жыл 5 айдан 7 жыл 6 айға дейін, сондай-ақ 2-ден 26 млн теңгеге дейін айыппұл тағайындалды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии