Мәзір

Сүт өнімінде өсімдік майы болса, оны қаптамада көрсету міндеттеледі

26.07.2023
Сүт өнімінде өсімдік майы болса, оны қаптамада көрсету міндеттеледі

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі негізінде қабылданған «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгерістер 22 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Бұдан былай сүт өнімдеріне қойылатын талап күшейе түседі. Бұл туралы World of NAN порталы kapital.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

22 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №143 шешімі негізінде «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Сауда және интерграция министрлігі баспасөз қызметінң хабарлауынша, бұл өзгерістер сүт өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірушілерге өз өнімдерін таңбалау кезінде шығармашылық еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ведомство атап өткендей, техникалық регламент алғаш қолданысқа енгізілген 2013 жылдан бастап оны қолдану тәжірибесі сүт өнімдерін өндірушілерге де, тұтынушыларға да қатысты бірқатар маңызды мәселелерді нақтылау қажеттілігін көрсеткен. «Негізгі өзгерістердің бірі – сүт өнімдерінің қаптамасында өсімдік майының бар екені туралы ақпаратты міндетті түрде орналастыру. Бұл талғампаз тұтынушыларға өнімді сатып алу туралы саналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді», - дейді Қазақстан стандарттау және метрология институтының мамандары.

Сонымен қатар, балалар тағамы өнімдерін идентификациялаудың физикалық-химиялық көрсеткіштері де өзгерді. Күл мөлшері (содержания зола) алынып тасталды және D дәрумені мөлшерінің шегі ұлғайтылды. Балалар тағамын өндірушілердің айтуынша, бұл өзгерістер балалар тағамы өндірісін локализациялауға және тұтынушыларды жоғары сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ережеде сүттің майлылығы 6%-ға дейінгі «құрамында сүті бар балмұздақ» термині енгізіледі, бұл тұтынушыларға көбірек таңдау мен ақпарат береді. Бұдан бұрын құжатта майдың массалық үлесі 12% құрайтын «сүт майын алмастырғышы бар балмұздақ» термині ғана бекітілген болатын.

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии