Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы №212 «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен шикі құрақ қантын әкелудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, ауыл шаруашылығы министрлігі құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған Қағидаларға сәйкес тауарлардың нысаналы мақсатын растауды алуға өтінімдер қабылдай бастады.
(Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1701 13; 1701 14 субпозициялар). Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған 350 000 (үш жүз елу мың) тонна мөлшерінде.
Растауды алу үшін өтініш беруші Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
- олардың негізінде шикі құрақ қантты әкелуді жүзеге асыру жоспарланатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері;
- декларацияланатын тауардың төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелері.
Өтінімдер уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол (Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс) немесе электрондық почта оffice@minagri.gov.kz арқылы қабылданады.
Сұрақтар бойынша телфон: 8 (7172) 555-763.
Қағидалардың қосымшасымен мына құжаттар арқылы танысуға болады:
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение