Мәзір

Су тарифтері дақыл түріне қарай есептелетін болады

21.02.2024
Су тарифтері дақыл түріне қарай есептелетін болады

Су ресурстары министрлігі суармалы суға тарифтерді дақыл түрлері мен тұтынатын су көлеміне қарай есептеуді ұсынып отыр. Бұл туралы World of NAN ведомствоға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осы мақсатта министрлік Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы 3500 шақырым суару желілерін цифрландыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл 362 мың гектар суармалы жердегі суды есепке алуды қамтамасыз етіп, жыл сайын 600 миллион текше метрге дейін суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте Қазақстанның барлық аумағында суды тиімді пайдалану технологияларын енгізу жалғасады. 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50 пайыздан астамын су үнемдейтін технологиялармен қамту жоспарланып отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии