Мәзір

Таяу Шығыстағы жалғыз май өңдеу зауыты Қазақстанға инвестиция құюы мүмкін

03.05.2024
Таяу Шығыстағы жалғыз май өңдеу зауыты Қазақстанға инвестиция құюы мүмкін

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Alserkal Group компаниясы Қазақстанда май мен май қалдықтарын өңдеу, пайдаланылған суды балауыз, сабын және басқа элементтерді өндіру үшін тазарту бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Бұл жөнінде World of NAN порталы KAZAKH INVEST ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мұндай жаңалық қазақстандық ұйым өкілдерінің Alserkal Group басшысы Абдулрауф Аль Хоссейнимен кездесуі барысында белгілі болды.

Alserkal Group Дубайдағы тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтану орындарынан шығатын май қалдықтарын өңдеуде маңызды рөл атқарады. Ол тағамдық май қалдықтарын өңдейтін Таяу Шығыстағы жалғыз компания. Компания май қалдықтарын жинап, одан компост, тыңайтқыш, суару және жууға арналған құралдар жасауда пайдалануға болатын май шығарады.  

KAZAKH INVEST-тің хабарлауынша, Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі мен ұлттық компанияның араб елдеріндегі шетелдік өкілі Құрманғали Аманқосов Абу-Дабиде БАӘ компанияларымен бірқатар келіссөздер жүргізген.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии