Мәзір

Техниканы жаңарту қарқыны әдеттегіше төмен

23.07.2024
Техниканы жаңарту қарқыны әдеттегіше төмен

Қазақстанда жарты жыл ішінде ауыл шаруашылық машина-трактор паркін 5,5%-ға жаңарту жоспарланса, ол шын мәнінде 3,1% ғана жаңартылған. Үкімет отырысында министр Айдарбек Сапаров осындай дерек келтірді, деп хабарлайды World of NAN.

Министрдің айтуынша, елде су үнемдейтін технологияны енгізу қарқыны да бәсең. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын суармалы жерлердің көлемін жылына 150 мың гектарға дейін ұлғайту міндеті тұрғанымен, бүгінде жоспарланған жер көлемінің 37,3%-ы ғана немесе 56,3 мың  га егістік су үнемдейтін технологиямен қамтылған.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту жоспары да орындалмай қалыпты. Жыл басынан бері 410 миллиард теңге инвестиция тартылған, бұл жоспарланған көлемнің 21 пайызын ғана құрайды.

«Қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл бойынша жоспар республика көлемінде 10,4 пайызға орындалған жоқ, атап айтқанда, Алматы облысында жоспар 50 пайызға, Жамбылда 74 пайызға ғана орындалды», - деді министр.

Дегенмен бидай алқаптарын қысқарту бойынша республикалық көрсеткіш 4,7%-ға (430 мың гектардың орнына 450,3 мың гектарға қысқарды) артығымен орындалыпты.

Мал шаруашылығы саласында да жоспарлардың уақытылы орындалатын сыңайы байқалмайды. Мәселен, биыл тауарлы сүт фермаларын салу аясында 30 мың бас аналық мал әкелу жоспарланған болса, бүгінгі таңда сегіз облыс 7,4 мың бас мал әкелді, бұл жоспарланған көлемнің 24,6 пайызы ғана.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии