1 қаңтардан бастап теміржол арқылы жүк тасымалдаудың, оның ішінде астық тасымалдаудың құны өзгерді. Бұл туралы World of NAN порталы «Астық Транс» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Астық Транс ұйымының айтуынша, компания тарифтерінің көтерілуі ұлттық тасымалдаушы – ҚТЖ-ның («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ) теміржол тарифін көтеруіне тікелей байланысты.
«Клиентке жүк тасымалдау қызметтері үшін есептелген тарифтік мөлшерлеме «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының темір жол тарифін қамтиды», - деп түсіндірді «Астық Транс».
Компания тарифтердің Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2023 жылдың 20 сәуіріндегі бұйрығына сәйкес көтерілгенін айтады. Осы бұйрық аясында магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметалар деңгейіне өзгерістер енгізілген еді. Айта кетерлігі, бұрынғы тарифтер 2020 жылдың 27 қарашасындағы қаулыға сай 2020-2025 жылдарға дейін бекітілген еді. Былтыр ҚТЖ шығындардың артуына және инфрақұрылымды жаңартудың қажеттілігіне байланысты тарифтерді көтеру туралы бірнеше мәрте өтініш жасады.
«Астық Транс» компаниясы астық тасымалдауға арналған мамандандырылған жылжымалы құрамды ұсынып, ішкі және халықаралық қатынаста астықты тасымалдау бойынша экспедиторлық қызмет көрсетеді. «Астық Транс» АҚ басқаратын вагон паркінде 5 мыңға жуық астық вагоны бар, бұл жылына 5,5 миллион тонна астық тасымалдауға мүмкіндік береді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение