Мәзір

Теміржол жүк тасымалының тарифтері өзгермек: баға тағы көтерілуі мүмкін

18.06.2024
Теміржол жүк тасымалының тарифтері өзгермек: баға тағы көтерілуі мүмкін

ҚТЖ магистральдық теміржол қызметтеріне жаңа тарифтік саясат әзірлеп жатыр. Теміржол шығындары мен инфрақұрылымын жаңарту отандық бизнестің қаржысы есебінен жүзеге асырылмақ. Жағдай бизнес қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырып отыр. Бұл жөнінде World of NAN «Атамекен» ҰКП-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ҚТЖ-ның айтуынша, қолданыстағы прейскуранттың орнына тасымал қызметтеріне жаңа прейскурант әзірлеу қажет. Көлік министрлігінің дерегі бойынша, 2023 жылдың аяғында Қазақстанда теміржол көлігімен транзиттік тасымалдау көлемі 20 пайызға өсті, бұл министрліктің көлік инфрақұрылымына қосымша салмақ түсіреді. 

Дегенмен бизнес-қауымдастық ҚТЖ-ның кірістері біртұтас ұйым ретінде Дүниежүзілік банктің ұсынымына сәйкес «бірыңғай касса» қағидаты бойынша құрылуы керек екенін айтты. Сондай-ақ тарифтерді жүк түрлері бойынша саралаудан бас тартпауға шақырды. Кәсіпкерлердің айтуынша, қымбат (дайын өнім) және арзан (шикізат) тауарлар ешқашан бірдей тарифпен тасымалданбайды.

Теміржол тасымалы Қазақстандағы өндірістік инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі. Қазақстан теңізге шыға алмайтынын және автомобиль жолдары жеткіліксіз дамығанын ескерсек, теміржол тарифтері тек салалардың ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді.

«Ұлттық теміржол компаниясының ықпалымен, тұтынушылардың мүддесі ескерілмей қабылданатын біржақты шешімдердің салдары жүк жөнелтушілерге,  темір жолдың өзіне де кері әсер ететіні анық. Тарифтік құрылымның бұзылуы (оған сәйкес сусымалы жүктерді тасымалдауға тарифтер айтарлықтай өседі) қазіргі күрделі геосаяси жағдайда қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуға әкеледі. Бұл қазақстандық экспорттаушылардың әлемдік нарықтағы позициясын айтарлықтай әлсіретеді және ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің өндірушілерімен салыстырғанда оларды кемсітеді. Өйткені ЕАЭО-ның барлық елдерінде және ҚР көршілес елдерде жүк түрлері бойынша тарифтерді саралау бар», - деп, ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии