Мәзір

Маңғыстау облысында 2 гектар жерге жылыжай кешені салынатын болады

18.05.2020
Маңғыстау облысында 2 гектар жерге жылыжай кешені салынатын болады

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумов апта соңында Қарақия ауданының Жетібай ауылында болып, болашақта салынатын жылыжай кешенінінің жобасымен танысты. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылыжай кешенінің құрылысы қыркүйек айында басталады. Алғашқы уақытта жылыжай 2 гектар жерде орналасатын болады. Аталған жұмысты жергілікті тұрғын салмақшы, ол ішкі нарықты  табиғи көкөністермен және жемістермен қамтамасыз еткісі келеді.

Қазіргі уақытта аумақта қажетті инфрақұрылым жасалған: автономды сумен жабдықтау және электр энергиясы бар. Нысан осы жылдың соңына дейін іске қосылып, 40 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақтың басшысы бұл жобаны қолдап отыр.

Бұған дейін Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ішкі нарықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау шаралары қарастырылғанын хабарлаған еді. Атап айтқанда, жылыжай алаңдарының көлемін 1236,7 гектардан 1700 гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар,  көкөніс өндірісін 216,8 мың тоннадан 595 мың тоннаға дейін арттыру қарастырылып жатыр, бұл маусым кезіндегі  бағаның өсуін төмендетіп, 34 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңірлер үшін бақша өсірумен айналысу өте маңызды. Бақша алқабын 65-тен 88 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда, алма мен жеміс-жидек өнімдерін өндіру көлемі 395,5 мың тоннадан  684 мың тоннаға дейін артады. Бұл 65-тен 88 мың жұмысшыға дейін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.

Аталған инвестициялар мен субсидиялар, жеңілдетілген несиелер бақшалар салуға мүмкіндік береді және заманауи жылыжай кешендерін пайдалануға беруге бағытталады.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии