Мәзір

Тоқаев киіктерді аулауға тыйым салады

17.04.2024
Тоқаев киіктерді аулауға тыйым салады

Президент ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы World of NAN Ақордаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жасаған сапарында жергілікті халықпен кездесуі кезінде қазақ даласының символына айналған киіктерді аулауға тыйым салатынын айтты.

«Кейбір адамдар киіктерді атуға болмайды дейді. Расында солай шығар. Мен бұрын киіктерді атуға қарсы болғанмын. Киіктерді атуға тыйым салатын болдық, осындай шешім қабылдадым, – деді Тоқаев.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда киіктердің саны 2 миллионға жеткен. Фермерлер жабайы киіктердің шабындықты таптап, егінінді жайпап кеткеніне жиі шағымданды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, киіктер былтыр Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, БҚО-да шамамен 122 мың га егіс алқаптарын таптап, 12 млрд теңгеден астам зиян келтірген.

Осыларды ескере келе былтыр ақбөкен популяциясын реттеуге шешім қабылданған. Қыркүйек айында Экология министрлігі киіктерді саны реттелетін жануралар қатарына кіргізді. Министрлік алғашында киіктер Карал әдісі бойынша ауланатынын айтқан, алайда кейін тікелей атуға рұқсат беріле бастады.

2015 жылы 300 мың киік жаппай қырылып, оларға жойылып кету қаупі төнген соң, мемлекет ақбөкенді қорғау шараларын күшейтіп, аулауға тыйым салған еді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии