Мәзір

Қытаймен шекарада сауда-логистикалық орталық жұмыс істей бастады

22.01.2024
Қытаймен шекарада сауда-логистикалық орталық жұмыс істей бастады

Қазақстан-Қытай шекарасында «Достық» кеденіндегі Алакөл өткелінің өткізу қабілетін арттыратын халықаралық сауда-логистикалық орталық жұмысын бастады. Бұл жөнінде World of NAN Жетісу облысының әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осы жобаны жүзеге асырудың арқасында «Достық» кеденінің «Алакөл» кеден бекетінің өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 600 жүк көлігіне дейін артып, тәуліктік жүк айналымын 4 мыңнан 12 мың тоннаға дейін ұлғайтады. Осылайша бұл жылдық жүк айналымын 1 миллион тоннадан 3 миллион тоннаға дейін арттырады.

Кәсіпорынның бас директоры Дәулет Мұратұлының айтуынша, терминал кросс-докинг технологиясын қолдану үшін арнайы салынған, яғни жүкті қабылдау және жөнелту процесі сақтау орнына орналастырмай, тікелей қойма арқылы жүзеге асырылады. Бұл тауарларды соңғы алушыға жеткізу жылдамдығын арттыруға және логистикалық шығындарды қысқартуға әсер етеді.

Логистикалық кешеннің операторы - «Нұр Жолы» өткізу пунктінде көлік-логистикалық орталықты пайдалануда табысты тәжірибесі бар «Nur Zholy customs services» ЖШС.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии