Мәзір

Трансауған дәлізі арқылы алғашқы мультимодальды тасымал іске асты

07.06.2024
Трансауған дәлізі арқылы алғашқы мультимодальды тасымал іске асты

Қазақстанда тиелген жүк алғаш рет Трансауған дәлізі арқылы межелі жерге жеткізілді. Бұл жөнінде World of NAN порталы ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«KTZ Express» АҚ және «QazTrade» АҚ экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі ынтымақтастық шеңберінде пәкістандық «National Logistics Corporation» (NLC) логистикалық операторымен серіктестікте Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Джебель-Әли портына (БАӘ) пилоттық мультимодальды тасымалдауды жүзеге асырды.

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жөнелту «Павлодар» АЭА-да көлік тізбегі 27 сәуірде өнімді екі 21 тонналық жүк көлігіне тиеп, «Жетіген» ТЖК-не жөнелтуден басталды, олар 40 футтық екі теңіз контейнеріне қайта тиелді. Келесі кезекте контейнерлер контейнер тіркемесі бар жүк көліктеріне орнатылып, Пәкістанның Карачи портына жөнелтілді.

Жүк Карачиге 20 күнде жетіп, 4900 шақырым жол жүріп өтті. 1 маусымда контейнерлер фидерлік кемеге тиеп, 3 маусымда Джебел Али портына жеткізілді.

Жалпы тасымалдау мерзімі 38 күнді құрады. Маусым-шілде айларында осы бағыт бойынша барлығы 60 контейнерді тасымалдау жоспарланып отыр.

«Бұл пилоттық жоба «KTZ Express» АҚ мен серіктестердің келісілген жұмысының нәтижесі, сонымен қатар қазақстандық экспорттаушылардың Таяу Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның мақсатты нарықтарына өнім жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтетін мультимодальды сервис», - деп атап өтті ҚТЖ.

Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымнан бастап Қытайда азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң күшіне енді. Бұл заң аясында Қытай алдағы жылдары ішкі нарығын өз астығымен 100% қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар Ауғанстан мемлекеті өз ұн өндірісін дамытқалы отыр. Бұл жағдай Қазақстан өндірушілеріне жаңа нарықтарға шығуды міндеттейді.

Қазақстанның теңіз порттарына тікелей шығуға мүмкіндігі болмағандықтан, көршілес елдермен келісімге келіп, құрлық арқылы тасымал жасауға мәжбүр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии