World of NAN сарапшысы 13-24 қараша аралығындағы әлемдік ауыл шаруашылық өнімдері нарығына жүргізілген қысқаша шолуды ұсынады. Көбірек сараптамалық материал оқығыңыз келсе, редакцияның Telegram арнасына жазылыңыз.
Дүние жүзінде бидай бағасы соңғы екі аптада негізінен арзандаумен болды. Жұмсақ бидайдың бағасы Чикагода 4,3%-ға төмендеп, тоннасына 202 долларды құрады. Hard Red Winter 5,4%-ға (222 доллар) арзандады. Осылайша американ бидайының бағасы 2020 жылдың қыркүйек айындағы ең төменгі деңгейге қайта жақындады. Алайда Лондонда бидай бағасы 2,2%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеу себептерінің бірі 16 қарашада аяқталған апта ішінде АҚШ-тың 172 мың тоннаны құраған экспорттық бидай сатылымы туралы деректер болуы мүмкін. Бұл шілде айының ортасынан бергі ең төменгі көрсеткіш болып шықты. Екінші жағынан, Одесса портына жасалған шабуылдар бағаны аздап өсірді, бірақ әсер ұзаққа созылмады. Оған қоса, Украинадағы бидай экспортының болжамы 12-ден 13 миллион тоннаға дейін ұлғайды.
Қара теңізде ресейлік экспорттық бидайдың бағасы біршама төмендеді. Индекс екі апта ішінде 0,4%-ға төмендеп, тоннасына 253 долларға жетті. ETS тауар биржасының мәліметтері бойынша, 27% дәнмаңызы (клейковина) бар 3-сыныпты жұмсақ бидайдың сұраныс бағасы тоннасына ₸137,5 мыңнан ₸136 мыңға дейін төмендеді. Сондай-ақ бидайдың осы түрінің тоннасына ₸136,5 мыңнан ₸130 мыңға дейін төмендеген сатып алу тапсырысы да бар. Осы екі апта ішінде биржада нақты мәмілелер болған жоқ.
Қант осы уақыт аралығында 1,3%-ға арзандады, ал Лондонда бір тоннасының бағасы 738 долларға жетіп, қайта қымбаттаған жоқ. Халықаралық қант ұйымының мәліметі бойынша, биылғы жылы қант өндіру болжамының 174,8-ден 179,9 миллион тоннаға дейін артуы негізгі жағымсыз фактор болды. Осының салдарынан қанттың болжанған тапшылығы 2,1 миллион тоннадан 335 мың тоннаға дейін төмендеді. Сондай-ақ, бағаның арзандауына мұнай бағасының төмендеуі ықпал етті, бұл этанолға қарағанда қант өндірісін тиімдірек еткен еді. Екінші жағынан, Францияда толассыз жауған жаңбыр салдарынан қант қызылшасының жартысы сол күйі жиналмай қалды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение