Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ТМД-дағы ең ірі John Deere ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету сервистік орталығына барды. Бұл жөнінде World of NAN порталы облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Өңір басшысы ауыл шаруашылығы, ирригация және көкөніс шаруашылығы процестерін цифрландыру және автоматтандыру бойынша оқыту орталығын, оқу сыныбы мен шеберханасы бар ауыл шаруашылығы техникасын күрделі жөндеу орталығын, көрме алаңдарын, сондай-ақ қосалқы бөлшектер қоймаларын аралап көрді.
«Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС бас директоры Сергей Глоккенің айтуынша, компания өндірістің жаңа технологияларын, кәсіпорындағы технологиялық тізбектерді автоматтандыруды әзірлеуде. Сондай-ақ, метеорологиялық жабдықтар мен бағдарламалық өнімдер кәсіпорындарды басқаруды оңтайландыру және далалық жұмыстарды жоспарлау, соның ішінде өсімдіктерді қорғау және ұрықтандыру, егін жинау уақытын болжау және т.б. үшін пайдаланылатын қоршаған орта деректерін жинау қамтамасыз етіледі. Фермерлер мен жас мамандарға арналған оқыту орталығы жұмыс істейді.
«Ақмола облысы – еліміздің ірі ауылшаруашылық аймақтарының бірі. Ал ауыл шаруашылығына цифрландыру технологияларын белсенді енгізу саланың дамуына оң әсерін тигізеді», – деп, облыс әкімі сөзін түйіндеді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение