Мәзір

Тунис Қазақстанда зәйтүн өсіруді инвестициялуға дайын

19.09.2023
Тунис Қазақстанда зәйтүн өсіруді инвестициялуға дайын

Тунистің Ауыл шаруашылығы министрі Абдель Монем Белати елімізге жасаған іссапарында Қазақстанда зәйтүн алқабын өсіруге инвестиция салмақ ойы бар екенін айтты. Бұл туралы World of NAN порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Бұл алғашқы сапарымыз Қазақстан мен Тунис арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді. Біз Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласында бірлесе жұмыс істеуге мүдделіміз. Солтүстік Африкада орналасқан Тунис мемлекетінің жер көлемі 164 мың шаршы шақырымды алып жатыр, 12 млн тұрғыны бар. Географиялық орналасуына байланысты өңірлік және әлемдік деңгейде маңызды рөлге ие. Зәйтүн майын, құрма жемістерін өсіреміз. Осы өнімдерді сіздерге де экспорттай аламыз», - деді шетелдік мәртебелі мейман Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Тунис министрі Қазақстанның да ауыл шаруашылығының әлеуеті өте зор екендігін баса айтты «Сондықтан Қазақстанмен дәл осы салада жаңа келісімшарттар жасасуға ниеттіміз. Мұнан бөлек, Қазақстанда зәйтүн өсіруге инвестиция салуға дайынбыз. Өйткені, зәйтүн егу өте көп зерттеуді қажет етеді. Ал Тунисте бұл салада көптеген ғылыми зерттеу орталықтары бар. Сондықтан Қазақстан мен Тунис ауыл шаруашылығы дақылдарын зерттеу бағытында бірлесе жұмыс істей алар еді», - деді Абдель Монем Белати.

2019 жылы ресейлік және испаниялық кәсіпкерлер Түркістан облысының Жетісай ауданында зәйтін шаруашылығын пилоттық жоба ретінде бастаған болатын. Сол кезде медиада тараған хабар бойынша, егілген зәйтүн ағаштары алғашқы жемісін 5-6 жылдан соң беруі керек еді. Жоба авторлары бір түп зәйтүн ағашы жылына 20-40 кг жеміс бере алатынын айтып, тәжірибе сәтті аяқталған жағдайда Жетісайда зәйтүн майын сығатын зауыт салу жоспарын хабарлаған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии