Мәзір

Түріктің Alarko холдингі Қазақстан агросекторында ірі жобалар құруды жоспарлап отыр

28.07.2023
Түріктің Alarko холдингі Қазақстан агросекторында ірі жобалар құруды жоспарлап отыр

Түріктің ірі холдингтерінің бірі Alarko Holding Қазақстан агросекторының бірқатар жобасына инвестиция салуға дайын. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов пен компания президенті Нури Йылдыздың кездесуінде ынтымақтастық перспективалары туралы  айтылды, деп World of NAN порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Түрік инвесторы Қазақстан аумағында ашық топырақтағы жылыжай кешендері, органикалық-минералды тыңайтқыштар өндіру, азық-түлікті өңдеу және сату жөніндегі кәсіпорындар, сондай-ақ ҒЗТКЖ-да жобаларды құру мүмкіндігін қарастырып отыр.

Alarko Holding - көлік, мұнай-газ секторы, энергетика, өнеркәсіп, туризм, жерге орналастыру саласындағы жобаларды инвестициялайтын және іске асыратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Холдингтің 2030 жылға дейін  ауыл шаруашылығына шамамен 100 млн доллар инвестициялау жоспары бар.

Кездесу барысында вице-министр Бағлан Бекбауов агросектордағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Өндірушілердің тыңайтқыш, пестицид, биоагенттер мен биопрепараттарының құны, сондай-ақ суару және тұқым сатып алу шығындары субсидияланады. Одан бөлек, жылыжай кешендерін салу және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде шығындардың 25% өтеу көзделгенін, нормативтерді 30%-ға дейін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии