Түркістан облысының Сауран ауданында орналасқан «Түркістан» ӘКК» АҚ өндірістік паркі аумағында жаңбырлатып суару және трактор құрастыру өндірісі іске қосылады. Жоба «BNK GROUP LTD» ЖШС бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы World of NAN порталы әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жобаның жүзеге асырылуы бірнеше кезеңдерден тұрады, жалпы құны 11,5 млрд теңгені құрайды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған өндіріс орнына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Инвестормен жүздесті.
Аталған компанияға Сауран ауданындағы өндірістік парктен арнайы жер, браунфилд берілген. Жобаның 1 және 2-кезеңдері бойынша жаңбырлатып суару жабдықтары шығарылып жатыр. Жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын зауыттың жалпы құны – 4,05 млрд теңге. Жоба қуаттылығы – жылына 950 жаңбырлатып суару жүйесі. Бұл техника америкалық технология негізінде жүзеге асырылып жатыр.
«BNK GROUP LTD» ЖШС жобаларының 3-кезеңіне де қарқынды дайындалуда. Мұнда ауыл шаруашылығы техникалары мен трактор шығарылмақ. Жобаның жалпы құны – 7,0 млрд теңге. Мұнда қазір жергілікті 50 адам жұмыспен қамтылған.
BNK GROUP компаниясы түркиялық және қытайлық суару машиналарын, сондай-ақ қытайлық YTO тракторларын Қазақстанға дистрибуциялаумен айналысады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение