Түркістан облысындағы «Абдураман» шаруа қожалығы жаңа әдіспен құлпынай жидегін өсіріп жатыр. Фермер Италия және Нидерланд елдерінің кәсіби мамандарымен тәжірибе алмасып, жылу жүйесін қажет етпейтін жылыжай құрылысын жүргізген. Бұл туралы World of NAN Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2023 жылы жұмысын бастаған жобаның инвестициялық құны 300 млн теңгені құрайды. Заманауи технологиямен шаруасын дамытып отырған кәсіпкер Аширафи Шимбергенов 2,5 га алқапта жылу жүйесін қажет етпейтін заманауи үлгіде жылыжай құрылысын салып, құлпынай өсіруде. Жаңа технологиядағы жабық топырақтағы құлпынай аумағы – 13 гектар. Мұнда тұрғындар 15 тұрақты, 40 маусымдық жұмыспен қамтылған. Жылыжайдың ерекшелігі – күн сәулесі және арнайы тігілген көрпешелер арқылы өсіріледі. Қожалық иесінің сөзінше, өнімділік 3 жыл ішінде кемінде 50 тонна өнім береді.
10 жылдық тәжірибесі бар жеке кәсіпкер Италия және Нидерланд елінде осы саладағы кәсіби мамандармен тәжірибе алмасқан. Қазіргі таңда жоба технологиясы бойынша құлпынайларды ашық далада тығыз орналастыру және күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Тамшылатып суарудың автоматты жүйесі қолданылған. Нәзік дақылды өсірудің қыр-сырын меңгерген кәсіпкер Кореядан ұрық алдырып, көшеттерін өзі өсіріп, ішкі нарыққа саудалап жүр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение