Түркістан облысының Сайрам ауданында құны 2,5 млрд теңгені құрайтын жем-шөп зауытының құрылысы басталды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты сағатына 20 тонна болады. Бұл туралы World of NAN порталы АПК Информ-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғарыда аталған жобадан бөлек, Арыста 35 мың және 10 мың бас малға арналған екі бірдей бордақылау кешенінің жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі сәтте мал бордақылау зауытына жол мен электр желілері тартылыпты.
Сонымен қатар, инвесторлар Мақтаарал ауданындағы мақта өңдеу зауытын кеңейту жобасын, жылына 5 мың тонна құс еті мен 20 миллион дана жұмыртқа өндіретін фабриканы іске қосу жобаларын ұсынған. Бұл ұсыныстар облысқа инвестиция тарту жөніндегі штабтың отырысында айтылыпты.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение