Мәзір

Түркістан облысындағы шаруалар тамшылатып суару әдісін кеңінен қолданып жатыр

06.06.2023
Түркістан облысындағы шаруалар тамшылатып суару әдісін кеңінен қолданып жатыр

Түркістан облысының Созақ ауданында егістікті тамшылатып суару технологиясын кеңінен енгізіп жатыр. Бұл жақта жоңышқа жаңбырмен ғана суарылып, құрғақ климат салдарынан жылына бір ғана шабындық беретін. Жаңа әдіс көмегімен шаруалар өнімді айтарлықтай арттырған. Хабар 24 арнасының репортажына сілтеме жасай отырып, бұл жайлы World of NAN хабарлайды.

Созақ ауданының тұрғыны Талғат Сейдахметұлы 40 гектар егіс алқабына тамшылатып суары әдісімен жоңышқа егіп отыр. Бұрынырақта жоңышқаны бір рет шапқан соң, егістік мал жайылымы ретінде пайдаланылатын. Гектарына 100-150 тең (тюк) жоңышқа ғана жиналатын. Бұдан былай өнім кем дегенде екі есе артады деген үміті бар. “Бұл тиімділігі өте жоғары құрылғы. Ол жоғары өнім алуға жағдай жасайды. Осы маусымда 2-3 шабындық аламыз деп үміттеніп отырмыз”, - дейді Талғат Сейдахметұлы.

Шетелден әкелінген техниканың құны 52 миллион теңге. Техниканы қосу, бассейн орнату, құдық қазу қызметтері де осының ішіне кіреді. Оған қосы шығынның жартысын мемлекет өтейді. Ал суаратын машинаны арнайы мобильді қосымшамен басқаруға болады.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Қайырбек Меирмановтың айтуынша, биыл 241 гектар егіс алқабын тамшылатып суаруға көшірген. “Біздің аймақтың климаты құрғақ. Ағып жатқан арықтар, көлдер жоқ. Таудан шыққан бұлақтың суын арнайы қоймаға жинап, соны суару үшін қолданамыз. Бұл технология бізге жақсы сәйкес келеді, оның үстіне мемлекет субсидиясы қарастырылған”, – дейді ол.

Созақ ауданындағы көптеген шаруа тамшылатып суару әдісіне қызығушылық танытқан. Бұл әдісті дәнді өсімдіктер үшін ғана емес, бау-бақшада да пайдалануға болады. Мамандардың айтуынша, тамшылатып суару тәсілі экологияның жақсаруына және аймақтың өндірістік белдеуінің қалыптасуына  мол үлес қосады. 

Министр Қарашөкеев Қазақстанда тамшылатып суарудың израильдік технологиясын қолданатын ірі зауыт тұрғызуды жоспарлап жатқанын осыған дейін айтқан болатын. Одан бөлек, министр AFKO түрік компаниясымен келісімдер бар екенін, сондай-ақ осы сала бойынша көшбасшы саналатын Қытайдың ірі компаниясының қондырғыларын, Солтүстік Америка технологиясын да шығаратын зауыт тұрғызғалы жатқанын атап өткен еді.

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии