Сауда министрлігі Түркістан және Жамбыл облысының фермерлерін «Алтын Орда» базарындағы тегін орындарды пайдалануға шақырады. Енді ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер тауарын халыққа тікелей ұсына алады деп хабарлайды World of NAN.
Сауда объектілеріне қол жеткізу үшін ауылдық әкімдіктен алған анықтама болуы қажет. Сауда алаңдары жиналатын шатырмен жабылған, тұрақты мониторинг жүргізу үшін бақылау камералары орнатылған.
«Құрметті Түркістан және Жамбыл облысының шаруалары! Фермерлерге «Алтын Орда» базарынан 100 жүк көлігіне арналған тегін орындар бөлінді. Біз әркім өз өнімін тегін саудалай алатын алаң құрғымыз келеді. Жалға алу ақысын төлеудің еш қажеті жоқ. Біз өз елімізде шығарылған өнімді іске асыру үшін сіздерге жайлы жағдай жасаймыз. Бүгіннің өзінде базар әкімшілігі базар аумағына 15 қосымша тексеру таразысын орнатты. Павильондарға бір ай көлемінде 9 кондиционер орнатады. «Ақылды» шлагбаумдар орнатылып, сөйтіп базар аумағына кіреберістегі түсініксіз алым-салымдар алынып тасталады. Бір ай ішінде базар зоналары рет-ретімен санитария талаптарына сәйкестендіріледі» – дейді сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков.
Сұрақтар бойынша бірыңғай call-орталыққа (8 7273 195 160, 8 747 059 7054) немесе «Алтын Орда» Open Телеграм-чатына тәулік бойы жазуға болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение