Мәзір

Түркиялық Akplas компаниясы Қазақстанда суару жүйесін өндірмек

15.05.2024
Түркиялық Akplas компаниясы Қазақстанда суару жүйесін өндірмек

«Akplas» түрік компаниясы Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы үшін суарудың заманауи ирригациялық жүйелерін өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға ниетті. Бұл туралы World of NAN порталы «KAZAKH INVEST» ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жобаның құны бірінші кезеңде шамамен $10 млн және орта мерзімді перспективада шамамен $50 млн құрайды. Бірінші кезеңде суару қондырғыларын өндірудің жылдық қуаты 80 мың гектарды қамтымақ. 5 жыл ішінде қуаттылық 400 мың гектарға дейін ұлғаяды деп жоспарланған. Жоба 2025 жылдың басында пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

Қаңтар айында бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов су үнемдеу технологиясын енгізген фермерлердің шығынын субсидиялау мөлшерлемесі 50 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылатынын айтқан еді. Осыған дейін Қазақстан билігі су үнемдеу технологиясын енгізбеген фермерлер субсидиядан қағылатынын хабарлаған.

Akplas компаниясы 2008 жылдан бастап Түркияның жаңбырлатып суару секторындағы көшбасшылардың бірі болып келеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии