Түркиялық Çalık Holding компаниясы Қостанай облысында бұршақ дақылдарын өңдейтін зауыт салады. Ал Alarko Holding Қазақстандағы ең ірі жылыжай кешенін тұрғызу бойынша келісімді бекітті. Тағы бір түркиялық компания – Tiriyaki Agro дәнді және бұршақ дақылдарын өңдейтін зауыт құрылысы бойынша талқылау жүргізіп жатыр. Бұл туралы World of NAN порталы Премьер-Министрдің және «Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
17 қараша күні Астана қаласында өткен VI Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстелде (Kazakhstan Global Investment Roundtable) дөңгелек үстелде құны $1,6 млрд болатын 26 меморандум мен коммерциялық құжатқа қол қойылды. Бұлардың ішіндегі ең ірісі – Alarko Holding компаниясы Шымкентте тұрғызатын жылыжай кешені жобасы. Ауданы 500 гектар болатын жылыжай кешенінің құны 650 млн долларға бағаланып отыр. Баспасөзде тараған ақпарат бойынша, жоба толық іске қосылған сәтте 5 мың адамды жұмыспен қамтитын болады.
Инвестициялық дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша, Çalık Holding компаниясы Қостанай облысында бұршақ дақылдарын өңдейтін зауыт тұрғызады. Бірақ Қазақстан үкіметі мен инвестор арасында қандай келісім жасалғаны үкімет хабарламасында егжей-тегжейлі жазылмаған. Çalık Holding – 1981 жылы негізі қаланған, штаб-пәтері Стамбулда орналасқан түрік компаниясы. Ол тоқыма, энергетика, құрылыс, қаржы, логистика және медиа бизнесте активтері бар холдингтік компания. 34 елде жұмыс істейтін холдингтің штатында 16 000 қызметкер бар.
Осыдан бірнеше күн бұрын тағы бір түркиялық компания – Tiriyaki Agro ұлттық «Бәйтерек» холдингінің басшыларымен кездесіп, дәнді және бұршақ дақылдарын өңдейтін зауыттың жобасын талқылаған болатын. Компания басшысы Татар Туркайдың айтуынша, жоба ТМД-да бірінші болмақ және бұрын өңірде өндірілмеген 30 мың тонна глюкоза мен 45 мың тонна фруктоза, жылына 22 мың тонна «тірі» клейковина және 110 мың тонна крахмал өндірілмек.
Осылайша, түрік компанияларының Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына қызығушылық танытып жатқаны байқалады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение