Мәзір

Түркия Қазақстанның ет және құс өнімдеріне нарығын ашты

10.06.2024
Түркия Қазақстанның ет және құс өнімдеріне нарығын ашты

2024 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстандық өнімді Түркия нарығына жеткізуге кедергі болған бірқатар шектеулер алынып тасталды. 2005 жылдан бері құс тұмауы бойынша, 2016 және 2022 жылдардан бері аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер қолданылып келген болатын. Бұл жөнінде World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Түпкілікті шешім ағымдағы жылдың мамыр айында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының 91-ші сессиясы аясында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Бердалиннің Түркияның ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Гюменмен өткізген екіжақты келіссөздер нәтижесінде қабылданды.

Түрік тарапы Қазақстан ұсынған есептерді талдап, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымына (ДЖДҰ) ұсынып, біздің еліміздің осы аурулармен күресу және оларды жою жөніндегі  әрекеттерін жоғары бағалады. Бұл шешім Қазақстандағы агробизнестің жаңа перспективаларын және мал шаруашылығы өнімдеріне қойылатын ветеринариялық талаптарды үйлестіру мүмкіндіктерін кеңейтеді, осы елдер арасындағы сауда қатынастарын нығайтудағы маңызды қадам болмақ.

Қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін ілгерілетудің келесі қадамы ветеринариялық талаптарды үйлестіру болмақ. Бұл мәселелер де ағымдағы жылдың тамыз айында Айдарбек Сапаровтың Түркия Республикасына сапары барысында талқыланатын тақырыптар тізіміне енетін болады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии