Мәзір

Үкімет агродрондарды субсидиялау мүмкіндігін қарастырмақ

24.05.2024
Үкімет агродрондарды субсидиялау мүмкіндігін қарастырмақ

Шегірткемен күрес жөніндегі жедел штабтың отырысында дернәсілдерді бақылау кезінде және егістікті өңдеу кезінде агродрондарды қолдану мәселесі талқыланды. Бұл жөнінде World of NAN үкітеметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Шегірткелердің таралуының үлкен ауқымын, қол жетпейтін жерлерде жұмыс істеудің күрделілігін және дернәсілдердің нақты орналасқан жерін білудің маңыздылығын ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткелерді бақылау және нақты фитосанитарлық карталарды жасау үшін АӨК-тегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларына дрондар сатып алады.

«Дрондар шегірткеге қарсы күресте тиімділігін көрсетеді. Дернәсілдердің белсенді өсу мерзімінің қысқа кезеңінде мұндай аумақтарды дәстүрлі түрде – жаяу немесе машиналармен өңдеп шығу өте қиын. Толық өңделмей қалу ықтималдығы жоғары. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері егістіктерді зиянкестерден өңдеу үшін дрондарды инвестициялық субсидиялау мәселесін пысықтауы қажет», – деді Серік Жұманғарин.

Шегірткенің таралу аймағына қатысты болжамдар өзгере қоймады, өңдеуге бекітілген аумақ 2,5 млн га көлемінде қалып отыр. Ең үлкен аумақ – Ақтөбе (784,4 мың га) және Қостанай (775,6 мың га) облыстарында. Бұл өңірлерді шегірткенің италиялық прус түрінен тазарту қажет. Шығыс, солтүстік және орталық аймақтардағы суық ауа райына байланысты шегіртке дернәсілдерінің жаппай көбеюі мен дамуы кешеуілдеп тұр. Өңдеу жұмыстары Ақтөбе (10,8 мың га), Алматы (0,2 мың га), Атырау (0,8 мың га), Жамбыл (5,1 мың га), Жетісу (0,7 мың га), Батыс Қазақстан (0,6 мың га) облыстарында басталды.

Ал Түркістан және Жамбыл облыстарында таралған марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары аяқталған. Түркістанда 255,3 мың га немесе 94% жер, Жамбылда – 9,7 мың га немесе 99,5% жер өңделді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии