Үкімет агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосымша 240 млрд теңге бөлуді, сонымен қатар шағын жіне орта бизнес жобаларын субсидиялауға 320 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Мұндай мәліметті премьер-министр Олжас Бектенов президенттің тапсырмасын орындауға қатысты үкімет жиынында айтты. Бұл туралы World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Премьер-министрдің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, инвесторлар тарту мақсатында 12 арнайы экономикалық және индустриялық аймақты қажет инфрақұрылыммен қамту жоспарланған. Бұл мақсаттарға 160 млрд теңге бағытталады. Сонымен қатар «өнеркәсіптік ипотека» тетігі бойынша жалпы сомасы 30 млрд теңгеге 8 жаңа шағын өнеркәсіптік аймақты құру жұмыстары жеделдетілмек.
Одан бөлек транзиттік дәліздерді дамыту әрі көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін жаңа теміржолдардың, логистикалық орталықтар мен қоймалардың құрылысы жалғасатыны айтылды.
«Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау көлемін 450 млн тоннаға дейін, автомобиль көлігімен тасымалдау көлемін 316 млн тоннаға дейін, сондай-ақ транзиттік тасымалдарды 30 млн тоннаға дейін, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүктерді тасымалдау көлемін 4,2 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение