Үкімет резервінен отандық фермерлерден 4 және 5-класты, сондай-ақ классыз бидай сатып алу үшін қаражат бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойды. Бұл жайлы World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Құжат Мемлекет басшысының биыл қолайсыз ауа райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау бойынша жедел шараларды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде қабылданды.
Атап айтқанда, қаражат Азық-түлік корпорациясының қазақстандық аграрийлерден 350 мың тонна 4-ші, 5-класты және классыз бидайды тікелей сатып алуына бөлініп отыр. Қаражат көлемі 31 млрд 375 млн теңгені құрайды.
Бүгінде дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталып, 16,9 млн га алқаптан дәнді және бұршақ дақылдары жиналды. 9,8 ц/га орташа өнімділікте 16,6 млн тонна бидай, оның ішінде орташа өнімділігі 8,6 ц/га 11,5 млн тоннаға жуық астық бастырылды.
Сонымен қатар егін орағы кезінде үздіксіз жауған жауын-шашын жұмыстың қарқыны мен өнім сапасына әсер етіп, шаруалар қиын жағдайға тап болды. Орын алған жағдай ауыл тұрғындарының жиналған өнімді өткізуіне, сәйкесінше, келісімшарттар бойынша міндеттемелерін орындауға кері әсерін тигізді.
Қазіргі сәтте Қазақстанда 5 млн тонна көлемінде сыныпқа жатпайтын астық бар. Еліміздегі фермерлердің бір тобы мемлекет бөлген 31 млрд теңге мен 350 мың тонна астық сатып алу бүкіл проблеманы шешпейтінін, мұндай көмек жеткіліксіз болатынын айтқан еді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение