Мәзір

Үкімет тауарлы несие түрінде 200 мың тонна тұқым бөледі

26.03.2024
Үкімет тауарлы несие түрінде 200 мың тонна тұқым бөледі

Бүгін үкімет отырысында жаңа егіс маусымына дайындық барысы талқыланды. Атап айтқанда дизель отыны, тұқым қоры, тыңайтқыш, ауыл шаруашылығы техникасы және субсидияның уақытылы берілмеуі мәселелері қарастырылды. Бұл туралы World of NAN үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Үкімет отырысында Премьер-Министр бүгінде елімізде сапалы тұқым қоры мен тұқымның импортына тәуелділік бойынша да проблемалар жеткілікті екенін, импортқа тәуелділік бар екенін атап өтті. Әсіресе, бұл ұсақ және орта шаруашылықтар үшін өзекті болып отыр.

«Фермерлер жақсы тұқымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып, шағымданады. Азық-түлік корпорациясы жинақталған қордан кемінде 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық кредит түрінде бөлуі керек. Біздегі климаттық жағдайларға төзімді, өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет. Сонымен қатар агротехнологиялық талаптардың сақталмауы да өнімнің көлемі мен сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Ең алдымен, бұл – минералды тыңайтқыштардың, пестицидтер мен өсімдіктерді қорғайтын басқа да құралдардың қажетті мөлшерін қолдануға қатысты мәселе. Бізде тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми қажеттіліктің небәрі 21%-ын ғана құрады», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді:

  • Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен облыс әкімдіктері арзандатылған отынның бөлінген көлемін жеткізуді бақылауға алып, операторлардың оны дер кезінде тиеп-жөнелту жұмыстарын қамтамасыз етуге тиіс.

  • Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары шеңберінде жемшөп дақылдарының қажетті көлемін егуді қамтамасыз етсін.

  • Су ресурстары министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, вегетациялық кезеңде оңтүстік өңірлерді суармалы сумен тұрақты түрде қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

  • Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері және «Бәйтерек» холдингі 1-ші мамырға қарай ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингін қаржыландыруға қаражат бөлсін. Оның түпкілікті қарыз алушы үшін мөлшерлеме 5%-дан аспауға тиіс.

  • Қаржы, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктері заманауи агротехнологияларды сақтауды ынталандыру мақсатында 1-ші маусымға дейін тиісті субсидиялар бөлу мәселесін шешуге тиіс.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии