Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ирандық кәсіпкерлермен Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізуді талқылады. Ирандық Nasr Corporation Group компаниясының өкілдерімен кездесіп, олар өз қызметін таныстырды. Бұл туралы World of NAN порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Nasr Corporation Group өкілдерінің айтуынша, суды дұрыс пайдалану суармалы жерлерді толық қамтуды және олардың өнімділігін айтарлықтай арттырып, топырақ сапасын жақсарта алады.
Сондай-ақ, ирандық кәсіпкерлер жер асты және еріген қар мен мұз суларды жинақтау технологиялары туралы айтып, өз елдерінде жүзеге асырған жобаларды таныстырып өтті. Нақты айтқанда, Иранның батыс аймағында 500 мың гектардан астам жерді суару жобасын мысалға келтірді.
«Біз су ресурстарын тиімді пайдалануға және жинақтауға бағытталған заманауи технологияларды енгізуге ниеттіміз. Сондықтан қазір шетелдік компаниялармен еліміз бойынша бірқатар ауқымды жобаларды іске асыру бойынша белсенді түрде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жоғарыда аталған жобалардың құнын анықтау үшін Nasr Corporation Group өкілдерімен де келіссөздерді жалғастырамыз. Сондай-ақ, міндетті түрде ұсынылған өнімдерді басқа өндірушілердің аналогтарымен техникалық-экономикалық салыстыру жүргіземіз», - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение