Мәзір

Үкімет қалай АӨК өнімділігін 5 жылда екі есе ұлғайтпақ?

19.07.2024
Үкімет қалай АӨК өнімділігін 5 жылда екі есе ұлғайтпақ?

Jana Dala/Green Day егістік күні алаңында министр Айдарбек Сапаров фермерлердің алдында сөз сөйлеп, үкіметтің атқарып жатқан жұмысын таныстырды. Бұл жөнінде World of NAN ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығының өнімділігін екі есе арттыру үшін атқарып жатқан 10 істі айтып өтті.

Министрдің айтуынша, бірінші шара – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайту. Оның көлемі 2024 жылы үш есеге ұлғайған. Ал екінші шара – фермерлердің жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруды. Мұнда ӘКК арқылы қарыз алу мүмкіндігіне тоқталып, облыстарды ӘКК арқылы қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Сапаров «Даму» қоры арқылы несие сомасының 85 пайызына кепілдік алу мүмкіндігі мен агротехнологиялардың деңгейін көтеру шарттарын, мысалы, тыңайтқыштар енгізу және элиталық тұқымдарды пайдалануды да атап өтті. Элиталық тұқымның үлесі биылғы жылы 7,1 пайыздан 9 пайызға өскен.

Ол сонымен қатар маңызды шаралардың бірі ретінде несиелерді субсидиялауды, құрал-жабдықтардың лизингі мен сумен қамтамасыз етуді жеңілдету деп атады.

Министрдің түсіндіруінше тағы бір шара – суды үнемдейтін технологияларды ынталандыру: жергілікті бюджет есебінен инвестициялық субсидиялар 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайған.

Агробизнестің тоғызыншы маңызды құралы – СҚО тәжірибесі деп аталатын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы.

Министр қаржыландырудан бөлек, агроөнеркәсіп кешеніндегі бұрмаланған статистикалық мәліметтерді бір ретке келтіру бағытында да жұмыс жасалғанын айтты.

Дегенмен министр ауыл шаруашылығының дамуына тежеу болып отырған факторларды, мәселен сапасы жоғары импорттық техникаға субсидияның жойылуы мен техникаға салынатын утиль алымы мәселесіне назар аударған жоқ.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии