Мәзір

Үкіметтен жедел қолдау болмаса фермерлер егін егуге үлгермеуі мүмкін

25.04.2024
Үкіметтен жедел қолдау болмаса фермерлер егін егуге үлгермеуі мүмкін

Тасқын судан зардап шеккен аймақтардағы фермерлер егіс науқанын уақытында бастай алмауы мүмкін. Сенатор Арман Өтеғұловтың айтуынша бүгінгі жағдай жедел әрекет етуді қажет етеді, деп хабарлайды World of NAN.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, биылға жоспарланған көктемгі егіс алқабы межеден төмен болады. Су басқан жерлер астық егетін өңірлерге тиесілі болғандықтан, көктемгі егіс науқанын дұрыс өткізуге қатысты сұрақтар туындап отыр. Қазірдің өзінде егін салу мерзімінің ұзарып кету қаупі бар. Ал, бау-бақша, көкөніс өсірушілердің, саяжай серіктерстіктерінің  жағдайы өте нашар. Олардың техникалары, суару жүйелері мен трансформаторлары зақымдалды, жылыжайлар бұзылды, алқаптары су астында қалғанын көріп отырмыз. Жедел деректер бойынша Ақтөбе, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 200 тоннаға жуық тұқым қоймаларын су басқан. Өкінішке қарай, Ауыл шаруашылығы министрлігі бүгінгі күнге дейін еліміздегі  су астында қалған егістік туралы нақты мәлімет берген жоқ», - деді Арман Өтеғұлов.

Сенатор мал шаруашылығының шығыны мен аса қауіпті инфекциялардың пайда болу қаупіне, су тапшылығының алдын алуға қатысты мәселелерге алаңдаушылық білдірді. Ол осыған байланысты еліміздің премьер-министрінен жоғарыдағы мәселелер бойынша ақпарат беруді сұрады.

«Бүгінгі күні су басқан өңірлердегі зардап шеккен егістіктің көлемі қандай? Қанша егістік тасқынның салдарынан айналымнан шықты? Фермерлер биыл егін егуге үлгере ала ма? Егіс егіп үлгермеген шаруаларға алатын пайдасы қалай өтелетін болады? Шығын болған мал басын толтырудың тетігі бар ма? Қанша ауыл шаруашылығы техникасы суға кетіп, істен шықты, оларды қалпына келтіру жұмыстары қалай жүргізіледі?» – деп сұрады сенатор Өтеғұлов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии