Мәзір

Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады

05.07.2024
Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады

Қазақстанда гидротехник мамандар Тараздағы М.Х.Дулати атындағы университетте ғана даярланып келді. Жаңа мекеме осы университетті екіге бөлу арқылы ашылады. Мұнда Қазақстанда тапшы су саласының мамандары даярланбақ. Бұл жөнінде World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Университетке Ұлттық мәртебе беріліп, білім орны тек су ресурстары мәселелеріне мамандандырылады. Оқытушылар құрамына шетелдік ғалымдар да кіреді. Еуропа, Қытай, Ресей және АҚШ университеттерімен жаңа ЖОО-мен серіктестік туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Талапкерлерді тарту үшін білім беру гранттары көзделген.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев үкіметте арнайы кеңес өткізіп, оқу орнының материалдық-техникалық базасын құру, қаржыландыру және кадрлармен қамтамасыз ету туралы қажетті ведомствоаралық рәсімдерді жеделдетуді тапсырды. Вице-премьердің айтуынша, университет қыркүйек айында өз есігін ашуға тиіс.

Ұлттық университеттен бөлек алдағы жылдары елімізде су саласының мамандарын дайындайтын 5 колледж ашылады. Олар батыс, шығыс, солтүстік, орталық аймақтарда салынады.

Былтыр президент жолдауынан кейін Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған. Сол сәтте сарапшылар Қазақстанда су саласының мамандары жетіспейтінін айтқан еді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии