Ауылшаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, 7 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқаптың 62,5% - на (9868,9 мың га) жиналды. Орташа өнімділік 11,7 ц/га болғанда 11 524 тонна астық бастырылды. Қыркүйек айының басында ҚР-да өнімділік 12,2 ц/га деңгейінде тіркелді.
Айта кетейік, өткен жылы осы уақытта Қазақстанда орташа өнімділігі 11,1 ц/га болатын алқаптардың 34% - нан 5 760,5 тонна жаңа астық алынды.
Облыстық АШБ деректері бойынша негізгі астық егетін алқапта 7 631,1 тонна алынды. Атап айтқанда, Ақмола облысында өнімділігі 9,7 ц/га (2019 жылы-10,5 ц/га) 2 604,7 тонна (2019 жылы - 1 010,5) бастырылды.
Екінші жыл қатарынан шаруашылықтар құрғақшылықтан зардап шеккен Қостанай облысында 9,6 ц/га (4,8 ц/га) өнімділікпен 2 414,9 тонна (өткен жылы – 661,4 тонна) алынды. Өңірдің құрғақ аудандарының аграршылары бұған дейін өнімділік 6 ц/га жетеді деп хабарлаған болатын.
Солтүстік Қазақстан облысында өнімділігі 14,2 ц/га (14,6 ц/га) болған кезде, 61,5% алқаптан 2 611,5 тонна астық (919,1 тонна) алынды.
Естеріңізге сала кетейік, Ауылшаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша ағымдағы маусымда астық түсімі 18 млн.тонна деңгейінде болады деп күтілуде.
Ақпарат көзі: www.margin.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение