Мәзір

Қазақстанда дәнді-дақылдардың өнімділігі 20%- ға төмендеді

17.09.2021
Қазақстанда дәнді-дақылдардың өнімділігі 20%- ға төмендеді

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау науқанының статистикасын жариялады. Министрліктің деректеріне сәйкес, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың орташа өнімділігі 20%-ға төмендеді, деп хабарлайды World of NAN ауыл шаруашылығы ведомствосына сілтеме жасап.

АШМ деректері бойынша бүгінгі күні 14,1 млн. га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, орташа өнімділік 9,2 ц/га құрайды, бұл 2020 жылғы деңгейден 22,8%-ға төмен. Сондай-ақ, 197,8 мың тонна майлы дақылдар, 2142 мың тонна картоп, 3730 мың тонна көкөніс дақылдары, 2581 мың тонна бақша дақылдары жиналды.

Астықтың жалпы көлемі 15,3 млн тонна, оның ішінде бидай 10,5 млн тонна болады деп күтілуде. ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросынан алынған деректерді ескере келе, тамыз айының басында елімізде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың қоры 3,5 млн тонна, оның ішінде бидай - 2,8 млн тонна болды. Қолда бар қорларды ескере отырып, шамамен 18,8 млн тонна астық, оның ішінде 13,3 млн тонна бидай бөлуге жатады.

Мұндай көлем ішкі қажеттіліктерді толығымен өтейді Ауыл шаруашылығы ведомствосының есептеулеріне сәйкес, елге 7,6 млн тонна бидай қажет. Осылайша, бидайдың экспорттық әлеуеті ұнды есепке алғанда шамамен 5,5-6 млн тонна көлемінде бағаланады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии