Ресейдегі «Контур. Фокус» зерттеу жобасы сарапшыларының дерегінше, елдегі құс фабрикаларының саны 2021-2023 жылдар аралығында 11,8%-ға қысқарған. Бұл туралы World of NAN порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2021 жылдың қаңтарында Ресейде құс еті мен жұмыртқа шығаратын 5,65 мың кәсіпорын болса, 2023 жылдың желтоқсанында олардың саны 4,9 мыңға жуықтаған. Шамамен әрбір оныншы кәсіпорын жабылып қалыпты.
Авторлар құс өсіру саласындағы ұйымдар саны үш жыл ішінде 15%-ға қысқарғанын атап өтеді. Осы кезеңде 1995 компания құрылған болса, 2784-і жабылыпты.
Зерттеушілердің айтуынша, мұның басты себебі – Ресейге жем, инкубациялық жұмыртқа, ветеринарлық препараттар, заманауи құрал-жабдықтарды жеткізуді тоқтатқан санкциялар.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение