Ауыл шаруашылығы министрлігі 6 ай мерзімге бұқа, қой және ешкі малын экспорттау туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды World of NAN.
Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне ірі қара малды экспорттау үшін 60 мың бас бұқаға, 120 000 бас көлеміндегі тірі қой мен ешкіге лимит белгіленді.
Бұқалардың сандық шегі: бордақылау алаңдары үшін – 30 мың бас, тауар өндірушілер үшін – 30 мың бас. Ұсақ малдың сандық шегі: бордақылау алаңдары үшін – 30 мың бас, тауар өндірушілер үшін – 90 мың бас.
Бір бордақылау алаңы үшін Қазақстан Республикасының аумағынан жасы 12 айдан асқан бұқаларды әкетуге арналған квота алу шегі жалпы алғанда 4000 басқа, ал бір тауар өндіруші үшін 500 бастан аспайды. Бордақылау алаңындағы 6 айдан асқан ұсақ малға шектеу 1000 басқа, ал бір тауар өндірушіге 500 бастан аспайды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение