Мәзір

Күнбағыс тұқымын шетелге шығаруға рұқсат берудің жаңа тәртібі бекітілді

30.07.2020
Күнбағыс тұқымын шетелге шығаруға рұқсат берудің жаңа тәртібі бекітілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 шілде № 240 бұйрығымен күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге шығаруға қорытынды беру туралы Ережесін бекітті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.                            

Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері береді.

Құжатты алу үшін ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер келесідей құжаттарды тапсыру қажет:

1) рұқсат алуға өтініш;

2) күнбағыс тұқымдарының тауарлық-транспорттық құжаты немесе инвойс көшірмесі;

3) жеке басын куәландыратын және (немесе) өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері бүгіннен бастап күнбағыс тұқымын ел аумағынан үшінші елдерге экспорттауға өтініштерді қабылдауға әзір.  

Ақпарат көзі: www.gov.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии