Мәзір

Өзбекстан Қазақстанға жіберген су көлемі туралы есеп береді

28.03.2024
Өзбекстан Қазақстанға жіберген су көлемі туралы есеп береді

Қазақстан мен Өзбекстан екі ел тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін есептегіш құралдарын орнатуға келісті. Бұл туралы  World of NAN су министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстан көршілерінің аумағында, ал өзбек тарапы Қазақстан бөлігінде есептегіш құралдарын орнатады. Тараптар онлайн режимінде де ақпарат алмасады. Өзбекстанда жиналған деректерге Қазақстан, ал өзбек тарапы қазақстандық деректерге қол жеткізе алады.

Қазір екі елдің мамандары су есептегіш құралдарының қайда орнатылатынын шешіп жатыр. Оларды тарту үшін халықаралық ұйымдармен де келіссөздер жүргізілуде.

«Есептегіштерді орнату екі елдің тұтынатын су көлемін онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Сәуір айында біз көрші елдермен ұқсас жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздерді бастауды жоспарлап отырмыз», - деді Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии