Мәзір

Өзбекстан суды тұрақты жіберіп тұрады

28.02.2024
Өзбекстан суды тұрақты жіберіп тұрады

Осы жылдың наурыз айында Сырдария өзені арқылы секундына 800 текше метр су келеді. ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының шаруаларымен кездесуде Өзбекстанмен тиісті уағдаластық бар екенін айтты. Бұл туралы World of NAN министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Министрдің айтуынша, аталған су көлемі Қазақстанға осы жылдың ақпан және наурыз айларында келуі тиіс. Ақпан айында өзбек тарапы өз міндеттемелерін орындады, сондықтан бұл көрсеткіш наурыз айында да сақталады деп күтілуде.

Судың ысырап болуын тоқтату үшін 133 гидротехникалық құрылыс пен 14 мың шақырымнан астам суару желілерін жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қазақстан бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 57 су қоймасын салу жоспарланған, оның 20-сын Су ресурстары және ирригация министрлігі салады.

«Бірінші кезекте су үнемдейтін технологияларды енгізу және суды тұтыну мәдениетін қалыптастыру қажет. Мемлекет бұл үшін субсидия көлемін ұлғайтуға және суармалы суға тарифті төмендетуге дейін барлық жағдайды жасайды. Шетелдік компаниялардың өнімі немесе отандық әзірлемелер болсын қажетті технологиялар да бар», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии