Мәзір

Өзбекстан астық өндірісін қолдауға екпін қояды

20.02.2024
Өзбекстан астық өндірісін қолдауға екпін қояды

Өзбекстан биыл астық өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарына тікелей жеңілдікпен несие беру жүйесін енгізеді, деп хабарлайды World of NAN.

Тікелей жеңілдікті несиелеу жүйесін енгізумен қатар, 2024 жылы мемлекеттік бюджет қаражатына сатып алынған бидайды егіс алқаптарынан тасымалдау және сақтау шығындары толығымен мемлекет есебінен өтеледі.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын 900 мың тонна минералды тыңайтқышпен қамтамасыз ету, оның құнын 15 пайызға арзандату тапсырылды. Алға қойған тағы бір міндет – республиканың 70 облысында минералды тыңайтқыштарды сақтайтын қоймалар құру.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии